Медицина • 14 Қазан, 2021

Сарапшылар: Зиянды азайту – темекі шегу пандемиясынан жалғыз тиімді қорғаныс

124 рет көрсетілді

SCOHRE темекі шегуге қарсы күрес және зиянды азайту жөніндегі халықаралық қауымдастығы темекіден келетін зиянды азайту бойынша «Жаңа өнімдер, зерттеулер және саясат» ғылыми самиттін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші зерттеушілер, клиницистер және әртүрлі білім салаларының ғалымдары іргелі ғылымнан бастап денсаулық сақтау және экономика саласындағы саясатқа дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Іс жүзінде әрбір спикердің аузынан шыққан негізгі идея – қоғамдық денсаулық сақтау шеңберінде зиянды азайту стратегиясын енгізудің маңыздылығы.

Темекі шегу жыл сайын 8 миллионнан астам адамды өлтіреді. Темекі шегушілерге қатаң шектеулер тиісті нәтиже бермесе де, бұл көрсеткішті қалай азайтуға болады? 2005 жылы ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенцияның қабылдануына қарамастан, қазіргі уақытта әлемде бұрынғысынша шамамен 1,14 миллиард белсенді темекі шегушілер бар.

«Егер біз оның алдын-алу және оның ауыртпалығын азайту үшін іс-шара қолданбасақ, темекі шегу эпидемиясы ешқайда кетпейді», деп санайды профессор Джузеппе Бьонди-Цокай:

Форум сарапшылары атап өткендей, темекі шегу азаматтардың денсаулығы мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары қауіп деңгейімен байланысты. Темекі шегуден болатын зиянның көп бөлігі темекінің жануы және сол кезде бөлінетін зиянды заттар: шайыр, көміртегі тотығы, 69 канцерогендер және шамамен тағы 6000 түрлі химиялық қосылыстар болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, никотиннің өзі темекі шегумен байланысты негізгі аурулардың, атап айтқанда қатерлі ісік ауруының себебі болып табылмайды. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Бірақ дәл осы никотин тәуелділікті тудырады, бұл темекі шегушілердің жаман әдеттен бас тартуына кедергі келтіреді. Сондықтан қазір жаңа үрдіс танымал болып келеді – тәуелділікпен күресудің орнына темекі шегушілерге түтінсіз және жанусыз өнімдерге өтуді ұсынып, зиянды азайту ұсынылады.

Сарапшылар болашақпен байланыстыратын Зиянды азайту тұжырымдамасы деп аталатын бұл тәсіл кейбір елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.

Қыздырылған темекі және құрамында никотині бар түтінсіз өнімдер дәстүрлі темекіге қарағанда аз қауіп тудырады, өйткені оларда жану процесі толығымен жоқ.

«Никотиннің өзі негізгі мәселе болып табылмайды. Ұзақ мерзімді перспективада темекіден жану процесі болмайтын бұйымдарға өту халықтың денсаулығын айтарлықтай жақсартуы мүмкін. Зиянды азайту стратегиясы – бұл күшті қару, оны тиімді қолдануды үйрену керек, ол темекі шегуден бас тарту және темекі шегудің алдын-алумен қатар темекіге қарсы күрестің үшінші тірегі болуы тиіс», деп белгіледі SCOHRE президенті профессор Игнатиос Икономидис.

Зиянды азайту стратегиясы темекі шегумен күресудің қолданыстағы шараларын тиімді түрде толықтырады деп санайды наркология профессоры Кейтлин Нотли. Маман Ұлыбританияның темекі шегуге қарсы тәсілін талдап, осы елдегі мүдделі тараптардың арасында темекіге қарсы күрестің басты мақсаты никотинге тәуелділікті төмендетудің орнына темекі тұтынуынан болатын өлім мен ауруды азайтуға қатысты консенсус бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Ұлыбритания айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алды – темекі шегушілердің 21 пайыздан астамы зиянды азайту тұжырымдамасының арқасында темекіден бас тартты.

Әлемдегі темекі шегу проблемаларын ең ықпалды зерттеушілердің бірі Клайв Бейтс темекі индустриясындағы өзгерудің қозғаушы күші тұтынушылардың қажеттіліктері екенін, олардың тарапынан зиянды азайту туралы сұрау бар екенін атап өтті. Ал ғылым – қай бағытта қозғалу керектігін көрсететін компас.

«Темекі шегуден бас тартудың тиімділігін арттырудың, денсаулық пен қаржылық ауыртпалықты шектеудің жаңа құралы темекіден келетін зиянды азайту болып табылады. Ал темекі шегудің қаржылық ауыртпалығы орасан зор. Егер біз Еуропада темекі шегуді бір пайызға қысқарта алсақ, онда біз басқа салаларға инвестиция салуға болатын 40 миллиард еуроны үнемдейміз», деді Томас Друкер, бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Словакия Республикасының ішкі істер министрі.

Ғалымдардың пікірінше, темекі шегуге және зиянды азайтуға қарсы күресте күш-жігерді біріктіру керек, ал үкіметтер мәселені түсінбестен жетістікке жету мүмкін болмайды. Атап айтқанда, сарапшылар тобы инновациялық әлеуетті зияны азырақ өнімдерге сараланған салық салуды ұсынды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, сарапшылардың пікірінше, құрамында никотин бар азырақ зиянды өнімдерге қоғамдық денсаулық сақтау мен экономикаға тигізетін пайдасы бойынша аз салық салынуы керек. Осыған ұқсас тәсіл бірқатар елдерде алкогольге қолданылады, мұнда күшті сусындарға жоғары акциз, ал күштілігі азырақ сусындарға төменрек акциздер салынады.

Ғылыми қоғамдастықтың темекі шегу мәселесіне көзқарасы 2021 жылғы 8-12 қарашада өтетін ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенция тараптарының Конференциясы (Conference of the Parties) қарсаңында ерекше маңызды. Конвенцияға 130 ел қосылды және бұл БҰҰ тарихындағы ең кең таралған шарттардың бірі болып табылады.

ДДҰ ТҚНК темекі эпидемиясының жаһандануына жауап ретінде әзірленді, бірақ әзірге онда жасалған ұсыныс шаралары әлемдегі темекі шегушілердің санын айтарлықтай азайта алмады. Ғылыми қауымдастық ұсынатын зиянды азайтуға негізделген темекіге қарсы күрестің жаңа тәсілі алдағы конференцияда қаралуы және ескерілуі қажет.    

Соңғы жаңалықтар

Достық бесігі

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Ел кубогы үшін таласады

Футбол • Бүгін, 08:40

Ширек финалда ұтылды

Теннис • Бүгін, 08:39

Даярлықтарын пысықтады

Хоккей • Бүгін, 08:37

Әзірге бесінші орындамыз

Спорт • Бүгін, 08:30

Он жылға сотталды

Қоғам • Бүгін, 08:25

41 жобаға – 11,2 млрд теңге

Аймақтар • Бүгін, 08:20

732,5 млрд теңге тартылады

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Әскерилер шеберлік сынасады

Қазақстан • Бүгін, 08:10

«Айқайдың» астары

Өнер • Кеше

Байрон ұйығы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар