Экономика • 14 Қазан, 2021

Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша осы жылы қандай бағдарламалар іске асқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылды

Палата директорының айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылды.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%, қалғаны қызмет көрсету саласы.

«Жобалардың ең көбі «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылды. Барлығы 84,5 млрд теңгеге 1 199 жобаға көмек көрсетілді. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды. Биылдан бастап «алматылық өндірушілер» пулы құрылды.

Сонымен қатар, біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін 25 отандық кәсіпорынға бардық», деді ол.

Нәтижесінде «Аль Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізбек.