Экология • 14 Қазан, 2021

Елімізде су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құрылмайды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин су ресурстарын басқару жөніндегі жеке Мемлекеттік орган құру мүмкіндігіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құрылмайды

«Су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік органды құру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды, онда жерасты сулары мен судың сапасын қоса алғанда, су қорын пайдалану және қорғау саясатын қалыптастыру және іске асыру, гидрологиялық және гидрохимиялық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау сияқты маңызды функциялар шоғырланған», деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, аталған мемлекеттік органға су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі міндеттерді толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті құзыреттер мен өкілеттіктер берілген.

«Осыған байланысты су ресурстарын басқару жөніндегі жеке Мемлекеттік орган құру мәселесі қазіргі уақытта қаралмайды», деп атап өтті Премьер-Министр.