Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам індет жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.
Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар ауызсу қорын артығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.