Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Желік қуған жүргізушілер

601 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырауда алкогольдік ішімдік ішіп, көлік руліне отыратындар азаяр емес. Ащы судың желігі ме, әлде жүгенсіздік пе, жыл басынан бері осындай 500-ге жуық мас жүргізуші анықталған. Көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізуші бір түнде ұсталды. Олардың көлігі арнаулы тұраққа қойылған. Бәрі де 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Желік қуған жүргізушілер

– Патурльдік полиция қыз­мет­керлері сондай жүр­гізу­шінің бірін 25 қыр­күйекте сағат 04:10 шамасында Атырау қа­ла­сындағы А.Владимирский көшесінде тоқтатты. Cadillac Escalade маркалы көлігін тексеру кезінде рөлде отырған 1983 жылғы жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің кө­лік құралын алкогольдік, есірт­­­кілік және (немесе) уыт­құ­мар­лық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алко­голь­дік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осындай тағы бір дерекке жүгінсек, 8 қазанда сағат 02:30 шамасында жедел бас­қа­ру орталығының бейне­бақылау қызметкерлері Аты­рау қаласындағы А.Влади­мирс­­кий көшесінде күдік туды­р­ған Toyota RAV4 мар­­калы автокөлігін байқа­ған. Патрульдік полиция қыз­мет­­керлері аталған көлік­ті тоқ­татып, тексеру жүр­гіз­генде рөлдегі 1981 жылғы жүр­­­гізушіден ішім­дік­тің иісі шыққан. Меди­ци­на­­лық са­раптаманың қоры­тын­­­ды­сымен 40 жастағы әйел­­дің ж­е­ңіл дәрежедегі мас екені анықталып отыр. Мас жүр­гізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық тура­лы Кодексінің 608-ба­бының 1-бөлігімен әкім­ші­лік хаттама тол­ты­рыл­ды. Сот шешімімен рульге мас күйде отырған әйел 7 жылға көлік құралын басқару құқы­ғынан айырылып, 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Ал облыстық соттың бас­пасөз қызметі ұсынған мәлімет­ке сүйенсек, биылғы тоғыз айда Қылмыстық кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) 38 жүр­гізушінің ісі сотта қаралды.

– Оның ішінде 30 адам бас бостандығынан айырылып, 8 адам бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес 675 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған. Оның ішінде 672 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 3 адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған. Ал 630 адам қа­маққа алынды. Оның ішінде 518 адамға қосымша жаза ре­тінде арнайы құқығынан айыру шарасы қолданылды. Бұған қоса 39 жүргізуші арнайы құ­қы­ғынан айырылып, 3 адамға айып­пұл салынды, – деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметі.