Оқиға • 15 Қазан, 2021

Алаяқ бір тұрғынға 8,5 млн теңге несие алдырып, жоқ болған

847 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавлдың әйел тұрғынына «банктен қоңырау шалып тұрмыз» деген дауыс барынша сүйкімді болып естілген. Келесі сәтте «сүйкімді» дауыс әйелдің есін шығарып, «банктегі сіздің есепшотыңызға біреу несие рәсімдемекші болып жатыр» деп сендіреді.

 

Алаяқ бір тұрғынға  8,5 млн теңге несие алдырып, жоқ болған

Алаяқтың банк терминдерін еркін меңгергеніне қарағанда, ол бұрын немесе әлі де банк қыз­­меткері болып істейтіні сөз­­сіз. Өзіне сенімді дауыс еш­қандай қобал­жу немесе се­нім­­сіздік туғыз­баған. Соны­мен бірге адам­ды сендіре алатын гип­ноз­дық қасиеті де болуы мүм­кін. Өйт­кені ол алдымен әйелге 2 млн теңге рәсімдеп, оны басқа банктен ашылған «қосымша шотқа» аударуға көндірген. Көп кешік­пей тағы да қоңырау шалып, әйелді келесі банктен де несие алуға көндірген. Бұл схема бірнеше рет қайталанған. Қаскөйдің нұсқауын орындай отырып, жәбірленуші әйел қорытындысында бес банктен 8,5 миллионнан астам несие алған. Полиция мұндай алдауға түсудің сыры тереңде екендігін айтады. Алдымен алаяқ, жоға­ры­да айтқанымыздай, банк жүйесінің қыр-сырын әбден меңгерген. Бұрын қарызы бар адамға басқа банк онлайн режімде несие бере қоймайды. Мына жерде бес банк бірден 8,5 млн теңгені босатуының сырын ашу керек. Бұл – банк­тер арасындағы жеке адамға қатысты деректер бір-біріне бірден берілмей, араға уақыт сала­тынын көрсетеді. Соны біл­ген алаяқ өзіне сенген адам­ға бірден бес банктен несие алдырып, оны жымқырып кеткен.

Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық ПД бастығының орын­басары, полиция полков­нигі Руслан Назаров «Банктен қо­ңы­рау шалып тұрмыз» деген сөзге ешқашан сенбеу керек екенін айтады. «Өйткені банк қызметкерлері ешқашан мұндай қоңыраулар шалмайды. Олар клиенттен қандай да бір банк операцияларын жасауды талап етпейді. Егер сіз шоттың сақталуына күмәнданған бол­саңыз банкке арнайы нөмір бойынша қоңырау шалыңыз немесе жеке банк филиалына барыңыз», дейді ол.

Қазір жәбірленушіні 8,5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтың үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы – «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тек­се­ру­лердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, іс қозғалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста осы тәріздес 499 интернет алаяқтық фактісі тір­келді.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20