Қоғам • 15 Қазан, 2021

Дәурен Абаев мемлекет әлеуметтік зерттеулерді қаншалықты қажетсінетінін айтты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет әлеуметтік зерттеулерді қаншалықты қажетсінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәурен Абаев мемлекет әлеуметтік зерттеулерді қаншалықты қажетсінетінін айтты

«Бүгінгі іс-шараға қазақстандық әлеуметтану ғылымының барлық қауымы жиналғанын пайдаланып, сіздердің кейде серіктес, тіпті кейде оппонент әрі сыншы ретіндегі жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл өте маңызды рөл. Өйткені, дәл осы социология шынайы жағдайды ой елегінен өткізуге көмектеседі. Сіздер қоғам үшін және мемлекет үшін де әлем картинасын құрылымдайсыздар», деді ол Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта мемлекет мүлдем әртүрлі форматтағы әлеуметтік зерттеулердің ең ірі тапсырыс берушілерінің бірі болып отыр.

«Және де бұл мемлекеттік аппараттың үлкен көлемдегі мәліметтерге ұзақмерзімді қажеттілігі және зерттеулер әлеуметтік білімге, дағды мен сараптамаларға институционалды сұранысты қалыптастырады. Ал тұрақты сұраныс саланы және толықтай алғанда әлеуметтанудың ұлттық мектебін дамытуға көмектеседі», деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Осы орайда ол барынша маңызды бастамаларды еске салып өтті.

«Бұған дейінгі жылдары бұл сұраныстың қоғамдық-саяси жағдайды өлшеуден бастап, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индикторларын өлшеуге дейінгі электоралдық мониторингтің қалай қалыптасқанын менен жақсы білесіздер. Ел Президентінің азаматтар тарапынан әкімдердің қызметін бағалау жөніндегі бастамасы мемлекет тарапынан маңызды қадам болды. 2019 жылдан бері мұндай бағалау жыл сайын жүргізіледі. Әзірше олар жылына 2-3 өңірді ғана қамтиды. Бірақ, үлкен ауылдық округтерге дейін бағалау барынша қомақты әрі жан-жақты», деді Дәурен Абаев.