«Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал, ауыр және аса ауыр 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны - 3,9 есеге және қоғамдық орындарда - 3,2 есеге азайды. Сонымен қатар, жарақат алған адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 2,8%-ға өскенін атап өткен жөн. Өсуге өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер етті. Мысалы, егер қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік бірлігі жүрсе, онда локдаун кезінде бұл көрсеткіш 5 есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық», деді Қанат Таймерденов.
Қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн форматта өткен журналистермен дәстүрлі кездесуде шаһардағы қылмыстық ахуал туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше