Аймақтар • 15 Қазан, 2021

Өртенген үйден ана мен бала құтқарылды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар пәтерден шыға алмай қалған анасы мен төрт жасар ұлын құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртенген үйден ана мен бала құтқарылды

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратына қарағанда, 14 қазан күні сағат 16:00-де ТЖД 101 пультіне Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал 57 мекенжайы бойынша тұрғындардан өрт туралы хабарлама түсті.

«ӨСБ-14 өрт сөндіру бөлімшесі есептері бірінші болып келген сәтте, барлау жұмыстары барысында тұрғын үйдің бесінші қабатта орналасқан қою түтін, ашық жалынмен витражды балкон жанып жатқанын анықтады, өрт жанында орналасқан жиһазға таралып үлгерген. Баспалдақ алаңында жоғары температура, улы түтін пайда болып, пәтерлерден адамдар шыға алмай қалды», деп хабарлады ведомствадан.

Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Рустам Уладиев құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жанып жатқан қабаттағы пәтерлерден адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты ӨСБ-1 (өрт сөндіру басшысы) жеке құрамға жабылып тұрған есікті ашу және адамдарды шығарып алып туралы команда берілді. Аға өрт сөндіруші Әділмұрат Сабыржан мен Әбен Талант пәтерге қамалып қалған Е. Жанботаева мен оның төрт жасар ұлын құтқарды. Бақытымызға орай, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады», деп толықтырды департаменттен.

Өрт 7 минут ішінде ауыздықталып, 16:38-де толық сөндірілді. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника, жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.