Елорда • 15 Қазан, 2021

Елордадағы ескі үй тұрғындарының мәселесі қашан шешіледі?

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2022 жылы қаладағы ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы ескі үй тұрғындарының мәселесі қашан шешіледі?

«Сарыарқа және Алматы аудандарында барак үлгісіндегі ескілер үйлер бар. Оған қоса, ескі жатақханалар мен тозығы жеткен бес қабатты үйлер көп кездеседі. Биыл 257 отбасыны көшіреміз», деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Әкімнің айтуынша, үлескерлер мәселесі толық шешілгеннен кейін, негізгі екпін апатты ескі үйлерге қойылады.

«2022-2023 жылдар үлескерлер проблемасын шешеміз. Ал 2022 жылдан бастап ескі үйлерді бұзуға ерекше мән береміз. Осы орайда апатты үйлердегі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіреміз», деді қала әкімі.