Елорда • 15 Қазан, 2021

Елордада Жастарға қызмет көрсететін 3 орталық ашылады

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда алғаш рет Жастарға қызмет көрсету орталығы (ЖҚО) осы жылдың 1 маусымында ескі вокзал ауданында ашылды. Жыл соңына дейін қаланың әр ауданында осындай үш орталық ашылады. Бұл жұмыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елорда әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Жастарға қызмет көрсететін 3 орталық ашылады

Осы уақыт ішінде елордалық орталық 750-ге жуық жасты қабылдап, өзекті мәселелер бойынша жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялық көмек көрсетті.

ЖҚО-ның басты мақсаты мемлекеттік жастар саясатын, жастарды қолдауға және өзекті мәселелер: жұмыссыздық, тұрғын үй, білім, денсаулық және т. б. бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды іс жүзінде іске асыру болып табылады.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығы онлайн және оффлайн форматта бос уақытты тиімді ұйымдастыру, жастар бастамаларын қолдау, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, 14-29 жас аралығындағы жұмыс істейтін жастар, NEET санатындағы жастар және Нұр-Сұлтан қаласының маргиналды жастары үшін спортты және спорттың қолжетімділігін насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Мысалы, «Отбасы банк» АҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «iKomek109» сияқты ұйымдар осы орталықта біріктіріліп, онда мемлекеттік қызметтерді алу үшін жағдайлар жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда алғаш рет «Астана жастары» ЖРО осы жылдың маусым айында Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Болашақта 2021 жылдың соңына дейін Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандарында жастар көп жиналатын жерлерде осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр.