Әлем • 15 Қазан, 2021

Депутатты пышақтап кетті

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиядағы Эссекс графтығының оңтүстік-шығысындағы Ли-он-Си қаласында белгісіз адам британ парламентінің депутаты Дэвид Эммесске пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутатты пышақтап кетті

Шабуыл 69 жастағы саясаткердің шіркеудегі азаматтармен кездесуі кезінде болған.

Қастандық жасаған адам оны бірнеше рет пышақтап тастады. Эмесске алғашқы көмек көрсетілді, бірақ кейіннен ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Британдық полиция 25 жастағы күдіктіні қамауға алды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.