Экология • 16 Қазан, 2021

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

16 қазан күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қостанай, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.