Қалада орналасқан ірі сауда орталықтары мен дәріханаларда, жанармай бекеттерінде болған қала басшысы баға тұрақтылығы мен қалыпты сауда-саттық жағдайына қаныққаннан кейін теңге бағамын оңтайландыруға байланысты әкімдікте қозғалған мәселе мен әлеуметтік ахуалдың жай-күйі барысында жиылған көпшілікке айтып берді. Рас, сейсенбінің кешінде жекелеген сауда орталықтарында бірінші кезекте халық тұтынатын тауарларды ел талап алыпты деген қаңқу сөз тараған болатын. Алайда, ол әңгіменің негізсіз екендігін, ел арасындағы алыпқашты сөз екендігін ескерткен қала әкімі ешқандай дүрбелең тудыруға себеп жоқ екенін ескертті.
– Мемлекет үнемі кәсіпкерлікті қолдап келе жатқаны баршаңызға аян. Қазір біз халқымыз елеңдеп отырған тұста өзіміздің кәсіпкерлеріміз жеке басының қамы үшін пайда көздемейді деп сенеміз. Осыған орай, қала аумағында заңсыз баға өсіру әрекеттерін болдырмас үшін біз барлық заңға сай талаптарды қадағалайтын боламыз, – деді Ахметжан Есімов журналистерге берген шағын сұхбатында.
Еліміздегі теңге бағамына түзету енгізу мәселесіне орай Алматы қаласы әкімдігінде арнайы жиын өтіп, онда қала аумағындағы сауда орындары мен халыққа қызмет көрсету орындарында қасақана баға көтеру әрекеттерінің орын алмауы қатаң тапсырылған болатын. Соған орай, қала бойынша барлық аудандық әкімдіктердің ғаламтор сайттарында арнайы рубрикалар ашылып, ол жерге қарапайым халық тарапынан түрлі ақпараттар түсу жүйесі жасақталды. Қаладағы кез келген сауда нүктесінде тауар бағасын өсіру фактісі орын алса, әрбір тұрғын аталмыш дүкеннің мекенжайы мен тауар түрін әкімдік жанынан ашылған арнайы сайтқа бере алады. Нәтижесінде аудандық әкімдік жанынан құрылған арнайы топ бағаны қасақана өсіріп отырған дүкенге барып, мәселені анықтауға тас-түйін дайын отыр.
Бұдан өзге, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен журналистік топ Алматы қаласы аумағында жұмыс істеп тұрған «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ тұрақтандыру қорының сауда нүктелерін – әлеуметтік дүкендерін аралап көрді. Аталмыш қор қалада халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлар бағасы негізсіз өсіп кету немесе күрт өзгеру жағдайында елге қажетті тауарды қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында құрылған болатын.
Азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қоры дегеніміз – Алматы қаласында әлеуметтік маңызды өнім түрлеріне бағаның негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу шарасын алдын ала қолға алу үшін жасақталған оперативті тауар қоры. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану мәселелерін шешу үшін қаланың түрлі қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік орган жетекшілерімен бірге осы тұрақтандыру қорының комиссиясы құрылған еді. Қордың азық-түлік базасы қатаң қадағаланумен қатар, ықтимал жағдайларда жедел әрекет ету механизмі де дұрыс жолға қойылған. Бұл қорды үнемі толықтырып отыру үшін ауылшаруашылық өнімдері мен тұрмысқа аса қажетті тауарлар отандық өндірушілерден сатып алынады.
Алматы қаласы азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы бекіткен тізбе мен көлемге сәйкес биылғы жылы жалпы көлемі 16 502 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынған. Оның ішінде азық-түліктің көкөніс және ұннан жасалатын түрлері бар.
– Қазіргі таңда қала аумағында халыққа қажетті өнім мен тауарлар кестесі жасалған 19 павильон, 23 арнайы жасақталған шатыр жұмыс істеп тұр. Бұлардың барлығында баға тұрақты және базар нарығынан 10-15 пайызға төмен. Мәселен, картоп бағасы – 75, сәбіз – 65, пияз 55 теңге. Негізінен бізді ауылшаруашылық өнімімен Алматы облысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлері қамтамасыз етіп келеді, – дейді «Алматы-азық» әлеуметтік дүкендер желісінің бас директоры Жарқын Сәрсембаев.
Тұрақтандыру қорының өнім базасынан азық-түлік сату ісі Алматы қаласының барлық аудандарында орналасқан сауда павильондары мен арнайы шатырларда, сондай-ақ, қала аумағында орналасқан көтерме сауда қоймасы арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен еншілес «Алматы Азық» ЖШС-нің сауда желілері арқылы елге таралады. Жазғы маусымда қала аудандарының жекелеген алаңдарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі түрінде де жеңілдетілген бағамен халыққа қызмет көрсетіліп келе жатыр.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
--------------------------------
Суретті түсірген Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54
Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 13:40
Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:32
ХҚКО-ларда кезек азайды: Қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 13:20
Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады
Қоғам • Бүгін, 13:12
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Михаил Шайдоров «Милан-2026» Олимпиада жұлдыздарының шоуына қатыспайтын болды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:09
Ораза кезінде екпе салдыруға рұқсат па?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Балалар • Бүгін, 11:43