Әлем • 16 Қазан, 2021

Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шэньчжоу-13» пилоттық кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының модулімен түйісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

Бұл туралы Қытай Ұлттық ғарыш басқармасы мәлім етті.

«Шэньчжоу-13» кемесі Қытайдың солтүстігінде орналасқан «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен сағат 00:23-те ұшырылды.

Кемені орбитаға шығару үшін «Чанчжэн-2-эф» зымыран тасығышы қолданылған. Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:56-да бортында экипажы бар қытай ғарыш кемесі «Тяньхэ» ғарыш стансасының негізгі модулімен түйіскен.

Жақын арада үш тайконавт «Тяньхэ» стансасының негізгі модуліне өтіп, стансаға қызмет етуге қосылады Еске сала кетсек, бұл Қытайдың пилоттық екінші ғарыш кемесі, ғарышкерлер орбитада алты ай болып, ашық ғарышқа екі-үш рет аттанады.

 

Қыркүйек айында орбитаға кезекті миссияның ғарыш стансасында ұзақ уақыт болуын қамтамасыз етуі үшін азық-түлік және арнайы жабдықтар тиелген жүк кемесі жіберілген.