Саясат • 18 Қазан, 2021

Аға буынның алға қойған мақсаты көп

448 рет көрсетілді

Жуырда республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезекті VIIІ съезі елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты онлайн режімде өтті.

Съезге Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Әйтенов, мемлекеттік орган басшылары мен қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Съез жұмысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов оқыды. «Ардақты ардагерлер! Құрметті қауым! Сіздерді республикалық «Ардагерлер ұйымының» VIIІ сьезінің ашылуымен құттықтаймын. Екі миллионнан астам мүшесі бар бұл құрылым – Қазақстандағы ірі қоғамдық бірлестіктің бірі. Ең алдымен, баршаңызға елімізді өркендетуге қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Бүгінгі бейбіт әрі берекелі өміріміз – аға буынның қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер өткен ғасырдағы зор қиындықтар мен ауыр сынақтарды еңсеріп, жарқын болашағымызға жол аштыңыздар. Тәуелсіздік кезеңінде жаңа Қазақстанды құру жолында жұмыла жұмыс атқардыңыздар. Мемлекет өздеріңізді жан-жақты қолдауға баса мән береді. Былтыр қабылданған «Ардагерлер туралы» заң – осының айқын көрінісі. Қазақта «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген ұлағатты сөз бар. Жастар аға буынды әрдайым қадір тұтады, үлгі-өнеге алады. Сіздер ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулып келесіздер. Ардагерлеріміз болашақта да өмірлік тәжірибесін елдің игілігіне жұмсап, мемлекетімізді нығайтуға атсалыса береді деп сенемін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Съезд жұмысы табысты болсын», делінген ел Президентінің құттықтау хатында.

ч

Е.Тоғжанов ардагерлерді съез жұ­мысының ашылуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған республикалық «Ардагерлер ұйымының» қызметі бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында екенін жеткізді. Мемлекет басшысы қол қойған «Ардагерлер туралы» заңда «Ардагерлер ұйымының» ауқымы кеңейтілді. Басқа мемлекеттер аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандарға жеңілдіктер мен кепілдіктер Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілді. Сондай-ақ еңбек ардагерлерінің мәртебесі айқындалды. Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемақы көлемі артып келеді. Орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгені құрайды. Бұған қоса Ұлы Отан соғысына, басқа ұрыс қимылдарына, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан барлығы 145 мың ардагерге, тыл еңбеккеріне зейнетақыға қосымша бірқатар әлеуметтік жеңілдік қарастырылды. Биыл жергілікті бюджет есебінен 10 мыңнан аса адамға материалдық көмек көрсетілді. Елбасының бастамасымен Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан азаматтарға жыл са­йын бір реттік материалдық көмек көрсету де дәстүрге айналды. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміздегі 114 мың ардагерге 6,4 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар елімізде еңбек адамына құрмет көрсету мақсатында нәтижелі еңбек еткен қызметкерлерді «Еңбек ардагері» медалімен наградтау дәстүрі қалыптасты.

– Сан түрлі өмір белесінен өткен ардагерлерімізді ұлықтау, құрметтеу – мемлекеттің маңызы бағыты. Бұл ретте республикалық «Ардагерлер ұйымының» орны ерекше. Сіздердің ұйымдарыңыз еліміздегі ең ірі әрі беделді бірлестіктердің бірі. Ұйымның 200-ден аса филиалы мен 10 мыңнан аса бастауыш ұйымдары бар. Ұйым – мемлекеттік саясатты жүзеге асы­руда, еліміздегі тұрақтылықты сақтауда, әлеуметтік мәселелерді шешуде мем­лекеттік органдардың тұрақты әріптесі. Республикалық ұйымның өкілдері өңірлерде өскелең жас ұрпақты патриот­тық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу ісіне де баға жетпес үлес қосып келеді. Үкімет республикалық «Ардагерлер ұйымымен» ардагерлер мүддесін қорғау, әлеуметтік саясатты тиімді іске асыру бағытында кең көлемді үндестікті жалғастыруға дайын, – деді Е.Тоғжанов.

Съезд барысында оның жұмысшы органдары саналатын төралқа, хатшылық және редакциялық алқа, мандат, есеп беру комиссиялары сайланды. Күн тәртібінде көтерілетін мәселелер бекітіліп, съездің жұмыс регламенті айқындалды.

Орталық кеңес төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзінде Орталық кеңестің жұмысы және ардагерлер қозғалысын одан әрі нығайту мен дамыту жөніндегі міндеттер туралы баяндады. Оның айтуынша, әлемді жайлаған пандемия елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде барлық көпшілік шараға
тыйым салынды. Бұның барлығы халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Ең бастысы, эпидемияға қарсы күрес кезінде індеттен сақтануда біраз тәжірибе жинақтап, қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшіп, ардагерлер ұйымының жұмысы да жаңа форматқа бейімделді. Барлық өңірде ардагерлер ұйымының конференциялары өтті. Ардагерлер ұйымы қызметтерінің негізгі бағыттары белгіленіп, Орталық кеңеске біраз ұсыныстар түсті. Облыстық кеңес мүшелері жаңартылып сайланды.

– Тәуелсіздік жылдары елімізде ардагерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде ардагерлеріміз зейнетақы төлемдерінен бөлек, түрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Соның бір дәлелі ретінде мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемені толық орындап келеді. Зейнетақылар, жәрдемақылар уақтылы төленіп отыр. Бұл шаралардың барлығы Елбасының, Мемлекет басшысының қолдауымен іске асырылып келеді. Осылайша, бүгінде республикалық бюджеттен бөлінетін әлеуметтік көмектердің жалпы сомасы 3,7 трлн теңгені құрайды, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шәпкенов.

Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар индекстеліп, ынтымақты зейнетақы – 7%-ға, базалық зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға ұл­ғайды. Әрине, өз шешімін күтіп отырған мәсе­лелер де бар. Алдағы уақытта мұн­дай мәселелер заңнаманы жетілдеру жұ­мыс­тары барысында қаралып, тиісті шешімін табады.

Соңғы жаңалықтар

Тарихымызды тану – ұлы іс

Қазақстан • Кеше

Отыз жылдыққа ой қорытқан

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар