Аймақтар • 18 Қазан, 2021

Мұғалімдерді сенбілікке шығаруға ешкім нұсқау берген жоқ - Семей әкімінің орынбасары

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұғалімдерді сенбілікке шығаруға ешкім нұсқау берген жоқ - Семей әкімінің орынбасары

Өткен демалыс күндері қала көшелерінде сенбілік өткен. Шаһар әкімдігінің мәліметінше, бұл - саябақтарда, жаяу жүргіншілер жолы мен аулаларда тазалықты сақтауға бағытталған қоғамдық шара. Сенбілікке мыңнан астам адам шыққан. Барлығы 15 көше тазаланды.

«Мұғалімдерді сенбілікке шығаруға ешкім нұсқау берген жоқ. Бұл - әр адамның жеке таңдауы. Сенбілік туралы хат меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға жіберілді. Өйткені мұндай шараларды өткізу кезінде барлық жерде солай жасалады. Келуді міндеттейтін және бұл күні сабақ өткізбеу туралы сөз болған жоқ», дейді қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде Семейде мұғалімдердің көше сыпырып жүргені қызу талқыланған болатын.