Спорт • 18 Қазан, 2021

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ командасын жеңді

77 рет көрсетілді

Регбиден Қазақстан ерлер командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындары аясында БАӘ құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Регби-7 бойынша ерлер ұлттық құрамасы Алматы қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Жаттығу жиындары аясында 16-17 қазан күндері қос команда өзара кездесіп, жарыс өткізді. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан 24:14 есебімен ұтып, екінші ойында 12:7 есебімен есе жіберді. Ал екінші ойын күнінде отандық регбишілер 24:12 және 22:7 есебімен БАӘ құрамасын жеңді.

Айта кетерлігі, регби-7 бойынша БАӘ ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар