Негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді.
«ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды, көшіп кеткендердің үлесі-жалпы көшіп-қонушылар санының 86,1%-ын құрады», деп жазады Статистика Бюросы.
Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда Республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 7,3%-ға артты.
Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (20 235 адам), Нұр-Сұлтан (18 390 адам), Шымкент (9 276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).