Оқиға • 18 Қазан, 2021

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Өрт туралы хабар бүгін, 18 қазан күні сағат 16:16 шамасында түскен.

«Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Жалын салдарынан 4 және 5-қабаттағы балкон жанған. Жергілікті уақытпен сағат 16:48-де толық жойылған өртті сөндіруге 9 арнайы техника, оның ішінде 2 автосаты тартылды», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.