Қоғам • 19 Қазан, 2021

Ауылдағы балаларға екпе салғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнет қолданушылары елімізде балаларды КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда, деп жазады Egemen.kz.

Ауылдағы балаларға екпе салғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Бұл туралы Stopfake.kz сайты хабарлады.

Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

1

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі болса ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», деп хабарлады ведомстводан.