Экономика • 20 Қазан, 2021

2022 жылы тауар экспорты ұлғаяды - Экономика министрі

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша баяндады, деп хабарлады Egemen.kz.

2022 жылы тауар экспорты ұлғаяды - Экономика министрі

«Республикалық бюджет жобасы мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болғанда қалыптастырылды. Мұнай өндіру көлемі 2022 жылғы 87,9 миллион тоннадан 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжануда.

2026 жылы 5,2%-ға дейін жетеді. 2026 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 119,9 триллион теңгеге дейін өсуімен 2022 жылы 87,1 триллион теңгені құрайды», деді Ә.Ерғалиев.

Оның айтуынша, 2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болжанып отыр және 2026 жылға дейін 79,8 миллиард долларға дейін ұлғаяды. Тауарлар импорты 2022 жылы 40,8 миллиард доллардан 2026 жылы 43,4 миллиард долларға дейін ұлғаяды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20