Шыңғыс Айтматов негізін қалаған Халықаралық қордың президенті қызметін атқаратын ол әкесінің аяқталмаған туындыларының бар екенін тілге тиек етті.
Аталған шығармалар кәсіби текстологтердің қарауынан кейін жарияланбақ.
Демек, болашақта жазушы Шыңғыс Айтматовтың бұған дейін беймәлім, баспа көрмеген тың туындылары оқырманға жол тартады.
Сұхбат барысында әке жолын қуып, қаламды серік еткен Шырын Айтматова шығармаларын ағылшын тілінде жазып, әдебиеттану саласында еңбек етіп жүргенін де айтып өтті.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Айтматовтың ұлы болу – үлкен жауапкершілік» материалынан оқи аласыз.