14 Ақпан, 2014

АҚШ-та қарлы бораннан 16 адам қаза болды

1 мин
оқу үшін
14 02 - SnegopadАҚШ-тың шығыс жағалауында қарлы бораннан 16 адам қаза болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Мэриленд штаты Хауард округінде үш адам қар тазалау сәтінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Ал Нью-Йорк қаласында қар тазалап жатқан трактор аяғы ауыр әйелді қағып кетіп, нәтижесінде ол алған жарақаттарынан көз жұмды. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының  хабарлауынша, қарлы бораннан елдегі 22 штаттың жартысында төтенше жағдай орын алған. Осы жағдайға байланысты 500 мыңға жуық үй жарықсыз қалып, 6,5 мың әуе сапары кейінге қалдырылды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Reuters.com.
Соңғы жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Спорт • Бүгін, 09:20

Бес ауылға су берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:53