ANTIKOR • 20 Қазан, 2021

Жемқорлық: СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық: СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

Antıkor ortalyǵy сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің қатысуымен брифинг өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұсталғанын растады.

«Тергеу жүргізілді. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша істің мән-жайы ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша жарияланбайды. Сот үкімі шығуын күтеміз», дейді Нұрлан Жахин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан 1 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғандығы туралы мәлімет жарияланған еді.