Аймақтар • 20 Қазан, 2021

ШҚО-да жасөспірімдер улы газбен уланды

1253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда төрт адам, оның ішінде екі жасөспірім улы газбен уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жасөспірімдер улы газбен уланды

Облыстық ТЖД хабарлағандай, оқиға Глубокое кентінде болған.

«2000, 2002, 2006 және 2010 жылы туған жасөспірімдер улы газбен уланды. 2006 жылы туған қыз ауыр дәрежеде, қалғандары - орташа дәрежеде. Барлығы ауруханаға жатқызылды», деп жазады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствода аудан төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орын алған үйдің тұрғындарын тамыз айында пешті жылыту маусымына дайындау қажеттілігі туралы ескерткен, бірақ иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспады деп сендірді.

«Зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері тұрғын үй-жайда көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеді. Аспап улы газдың бар екенін көрсетті, содан кейін бөлмелерге желдету жүргізілді және пешті пайдалану кезінде бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Көмірқышқыл газымен улану концентрацияға байланысты күрт немесе баяу пайда болуы мүмкін. Өте жоғары концентрацияларда улану тез жүреді. Ол сананың жоғалуымен, құрысумен және тыныс алудың тоқтауымен сипатталады.