Sputnik Қазақстан мәліметінше, оқиға 18 Қазанда № 13 мектеп-гимназияда болған.
Мектеп директоры Светлана Ахметжанова атап өткендей, бұл мұғалімнің 27 жылдық кәсіби өтілі бар.
Оқиғадан кейін мұғаліммен әңгіме жүргізілді, кейін жұмыстан да босатылды.
«19 қазанда еңбек шарты біржақты тәртіппен бұзылды», деп түсіндірді мектеп-гимназия әкімшілігі.
Сондай-ақ, оқу орнына қызметтік тексеру жүргізілді.
«Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс істеді, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді», деп қорытындылады облыс білім басқармасы.
Айта кетсек, кейбір ата-аналар мұғалімге қосылып, мұғалімді жұмыстан шығармауды өтінді. Олардың пікірінше, ата-аналар балалардың тәрбиесіне назар аударып, мектепке дайындықты бақылауы керек.