Деректерге зер салсақ, Геннадий Головкин мен DAZN стрмингілік сервисі нақты қандай пункттерді өзгерткені туралы ресми мәлімет жоқ. Әйткенмен, мамандар мәселені гонорармен байланыстырып отыр.
Қазақстан боксшысы осы жылдың 29 желтоқсанында Токио қаласында жапон былғары қолғап шебері Риота Муратаға қарсы шаршы алаңға шығады. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, бұл кездесу Головкиннің жаңа келісімшарты негізінде өтеді.
Аталмыш кездесуде Геннадий Головкин өзіне тиесілі IBF және IBO белбеулерін, Риота Мурата WBA (super) белбеуін бәске тікпек. Жекпе-жек жеңімпазы үш тұжырым бойынша әлем чемпионы болмақ.
Геннадий Головкин 2019 жылы қол қойған келісімшарт бойынша алты кездесу өткізуі керек болса, қазірге дейін ол үш мәрте шаршы алаңға көтерілді.