15 Ақпан, 2014

15 жыл іздестіруде болған адам ұсталды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1998 жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласында бұрынғы құрылыс-монтаж учаскесінің шетінде аса ауыр қылмыс жасалған, белгісіз адам басынан балтамен ұрып жас жігітті өлтірген. Ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған қыл­мысты жасаған күдіктіні анықтап, ол 25 жасар Өскемен қаласының тұрғыны С. болып шыққан еді. Оған іздеу салынды. 15 жыл бойы полицейлер іздестіру­дегінің жүрген жерін анықтауға бағытталған көлемді жұмыс атқарды. Нәтижесінде, шығысқазақстандық полицейлер С.-ның Мәскеуде жүргенін анықтады. Мәскеуге келген ШҚО ІІД және Өскемен қаласы ІІБ жедел уәкіл­дері күдіктінің ізіне түсті. Оның жалған ат жамылып, қол­дан басқа атқа құжаттар жасағаны анықталды. Оған қоса, бөтен атты жамылып шағын бизнес – автошеберхана ашқан. Айлаларына қарамастан, күдікті барлық іздерін жасыра алмады. Мәскеу қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көмегімен іздестірудегі қамауға алынды. Енді ол Өскемен қала­сына экстрадицияланғаннан кейін заңды жауапкершілікке тар­тылатын болады, деп хабарлады ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.