Елорда • 22 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтанда Р.Қошқарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының аралығы уақытша жабылады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби даңғылының жүру бөлігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда Р.Қошқарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының аралығы уақытша жабылады

Әл-Фараби даңғылының жүріс бөлігін кеңейту шеңберінде Р.Қошқарбаев даңғылы мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан көлік айрығынан Иманақ көшесіне дейінгі учаскеде (Железнодорожный ТМ) темір жолдарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 25-28 қазан аралығында көрсетілген учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.