Оқиға • 22 Қазан, 2021

Өзгенің атынан несие алған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері өзгенің атынан 2007 жылы тауарлық несие алып, алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзгенің атынан несие алған бұрынғы банк қызметкері ұсталды

Жетісай аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам, өзіне тиесілі есепшоттарының барлығы бұғатталғанын, ал банктерден себебін сұрағанында төленбей қалған несиесі барын біледі.

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс істеген.

«Оның ішінде Жетісай АПБ КПБ қызметкері Ғани Каленов екі тәулік бойы жан-жақты іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер, күдіктіні Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол бұрын банктердің бірінің несие жөніндегі менеджері болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай күдікті азамат өзінің қызметін асыра пайдаланып, тауып алған жәбірленушінің жеке куәлігін пайдалана отырып, 2007 жылы несие рәсімдеген. Яғни 89 мың теңгеге теледидар алып, тауарлық несие келісім-шартын жасап, өзі жәбірленушінің атынан қол қойып жіберген», делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша 14 жыл бұрын жасалған қылмыс полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында ашылып, күдікті құрықталды.