Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Қарағанды облысында педофил 23 жылға сотталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жас қызды зорлау әрекеті үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында педофил 23 жылға сотталды

«Жас қызды ұрлау және зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында болды. Зорлаушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға 2021 жылдың сәуір айында болған.

Қыздың ата-анасы полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыз 55 жастағы ер адамның үйінен табылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.