Елорда • 23 Қазан, 2021

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қаржы министрлігі ғимаратының алдында қаржыгерлер аллеясы ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аллеяның ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылғанын атап өтті.  Ағаш отырғызуға министрліктің бұрынғы қызметкерлері мен еңбек ардагерлері де қатысты.

о

«Елордада дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу жалғасуда. Биыл жалпы 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызамыз. Осылайша, қалада «жасыл аралдар» мен экологиялық аймақтар пайда болады. Оған қоса, тақырыптық алаңдарды абаттандырамыз. Бүгін, мысалы, Қаржы министрлігі ғимаратының алдындағы оң жағалауда ағаштар отырғызылды. Мұнда біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясын аштық. Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де, еңбек ардагерлері де қатысты», деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

п

ш

н