Аймақтар • 23 Қазан, 2021

Алматыда демалыс күндері өрт жиі болады - ТЖД

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда болған өрттердің себептерін талдау барысында олардың ең көбі демалыс күндері болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда демалыс күндері өрт жиі болады - ТЖД

«Демалыс және мереке күндері жылыту құралдарын бақылау дәрежесі төмендейді. Бұған алкогольді ішімдіктер де себеп болған жағдайлар бар», деп түсіндірді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің ең көп саны кешкі уақытта 18:00 мен 00:00 аралығында болады.  Өрттердің жалпы санының 31%-ы, яғни 103 жағдай осы уақытта орын алған.

«12:00-ден 18:00-ге дейін - 94 жағдай (28%), 00:00-ден 6:00-ге дейін - 78 жағдай (23%). 6:00-ден 12:00-ге дейін - 57 жағдай (17%) тіркелді», деп жазады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство тұрғын үй секторындағы өрттердің пайда болуына өрт қауіпсіздігі мен азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігінің төмен мәдениеті ықпал етеді деп қосты.

Бұдан басқа, тұрғын үй қорының (пайдалану мерзімі 50 жылдан асатын жеке тұрғын үйлердің 25%-ы), инженерлік жабдықтың жоғары тозу дәрежесін ескеру жөн.