Әлем • 23 Қазан, 2021

Ресейде тәулік ішінде 1 075 адам коронавирустан көз жұмды

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресейде бесінші күн қатарынан коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд жаңарып отыр. Өткен тәулікте вирустан 1 075 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде тәулік ішінде 1 075 адам коронавирустан көз жұмды

Жаңа вируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабы таратқан ақпаратқа қарағанда, пандемия басталғалы бері вирустан барлығы 229 528 адам көз жұмды. Шартты өлім үлесі – 2,8%.

Атап айтқанда, бір тәулікте Мәскеуде 82, Санкт-Петербургте 67, Краснодар өлкесі мен Нижегород облысында 42-ден, Башқұртстанда 35, Ростов, Свердлов облыстары мен Ставрополь өлкесінде 34 адамнан қайтыс болды.

Жаңа жағдайлар саны бір тәуліктің ішінде 37 678-ге өсіп, 8 205 923-ке жетті. Бұл пандемияның басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд қатарынан үш рет жаңарып отыр.

Ауру жұқтырғандар үлесі 0,46%-ға артты. Атап айтқанда, бір тәуліктің ішінде Мәскеу облысында 2 783, Самара облысында 997, Нижегород облысында 761, Воронеж облысында 729, Башқұртстан Республикасында 667 жағдай тіркелді. Штаб деректеріне сай, белсенді жағдайлар саны 833 318-ге өскен. Ал жазылып шыққандар саны бір тәуліктің ішінде 26 077-ге өсіп, 7 143 137-ге жетті.

Жазылып шыққан науқастар үлесі 87%-ға дейін төмендеген. Атап айтқанда, Мәскеуде ауруды жеңгендер саны 3 986, Санкт-Петербургте 2 887, Мәскеу облысында 2 333, Қырымда 823, Самара облысында 752, Башқұртстан мен Ульянов облысында 649 пен 630-ға көбейген. Мәскеудің өзіне келер болсақ, онда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәуліктің ішінде 7 803-ке өсіп, 1 761 650-ге жеткен. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 8 166 болған. Жұқтырғандар үлесі – 0,45%. Ал қайтыс болғандар саны бір тәулікте 82-ге өсті, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 79 болған.

Барлығы қалада 30 619 адам (жұқтырғандардың 1,74%-ы) қайтыс болған, делінген штаб деректерінде.

Штабтың хабарлауынша, қазіргі кезде ел астанасында 174 310 адам ем алып жатыр.