Сүйінші, ағайын, сүйінші!
Газетке енді қол қойылғалы жатқанда, сағат түнгі 01-ден жаңа ғана өте бергенде теледидардың тікелей эфирі Сочиден тамаша сәтті көрсетті. Қазақстан құрама командасының үкілеген үміті – мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүкіл елге қуаныш сыйлады – ХХІІ Олимпия ойындарында тұңғыш медалімізге қолымызды жеткізді.
Денис шын мәнінде мүмкін еместі мүмкін етті деудің ешқандай артығы жоқ. Иә, мұның алдындағы қысқа бағдарламада тоғызыншы орынға ғана тұрақтаған спортшымыз кеше еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, төрешілерден 171,04 балл алды. Сөйтіп, өзінің алдына жапониялық Юдзуру Ханю мен канадалық Патрик Чанды ғана салып, Олимпиада жүлдегері атанды. Денис Теннің қола медалі – Қазақстан спорты тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы награда.
Қуаныш құтты болсын!
Дереккөз: «Егемен Қазақстан».
Фото: Sochl.ru 2014.

Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47