Дүйсенбі күні Қазақмыс Тобы биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақыларын 10 пайызға өсіретіндігін хабарлады. 2014 жылғы 14 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысына орай осындай шешім қабылданған.
«Бұл жөнінде нақты шешім дәл кеше қабылдана қоймағанымен, Елбасының еңбек адамының жағдайын жасауға қатысты ойы мыс өндірушілердің жұмысын ұйымдастырушылар тарапынан түсіністік тауып отыр. Компания басшылығы осы мәселе бойынша таяу күндерде арнаулы мәлімдеме жасамақшы». – Әріптесіміз Айқын Несіпбайдың сенбі күні жарияланған «Жалақыны өсіру мәселесі шешіледі» атты мақаласы осылай аяқталған еді. Солай болып та шықты.
«Қазақмыс» соңғы жылдары өз қызметкерлерінің еңбекақыларын өсірген осы саладағы санаулы компаниялардың бірі екендігімен мақтана алады. Мәселен, 2012 жылдың өзінде жұмысшылардың еңбекақысы орта есеппен 30 пайызға өсірілген. Осылайша қазірге «Қазақмыстағы» өндірісшілердің еңбекақы деңгейі осы сала бойынша ең жоғары болып отыр.
«Теңге бағамының өзгеруі біздің қызметкерлеріміздің де алаңдаушылығын тудырды және біз қабылдаған шешім олардың отбасыларына демеу болады деп сенеміз. Қазақстандағы кәсіпорындарымызда шамамен 55 000 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі тікелей өндірісте еңбек етеді және компания қашанда өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әділ жалақы төлеу саясатын ұстанады», деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының басқарушы бас директоры Олег Новачук.
Ал «Қазақмыс» корпорациясы – мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады. «Қазақмыстың» 16 кеніші, 8 тау-кен фабрикалары және екі мыс балқытушы өндірістік кешені бар, қазір олардың бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Мыс өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2013 жылы меншікті кеннен 294 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Жезқазған.

Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53
Астанада оқушылар арасында төбелес болды: Қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 09:42
Спорт • Бүгін, 09:20
Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 09:15
Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Қалба жоталары – қылқалам ұшында
Өнер • Бүгін, 09:05