Оқиға • 25 Қазан, 2021

ШҚО-да кісі өлтірген күдікті ұсталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да кісі өлтірген күдікті ұсталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының басында «102» жедел арнасына белгісіз әйел хабарласқан. Ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің біріндегі үйден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғанын жеткізген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады», деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анықталғандай, қаскөй ішімдік ішу барысында 59 жастағы жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.