Қоғам • 25 Қазан, 2021

Елордада Армин Вамбериге арналған конференция өтеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Халықаралық Түркі Академиясы және Назарбаев Университеті 2021 жылдың 27 қазанында  Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция мен көрменің ашылу рәсімін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Армин Вамбериге арналған конференция өтеді

Іс-шараға Мажарстан Елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі Анико Денге, Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев, Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамильогли және Назарбаев Университетінің тарих, философия және дінтану кафедрасының доценті Халит Акарджа және Кертис Мерфи қатысады. Армин Вамберидің өмірі мен қызметіне арналған көрме бойынша презентациялық экскурсияны Мажарстан Ғылым Академиясынан арнайы шақырылған белгілі мажар түркітанушысы Давид Шомфаи жүргізеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткерлері, Назарбаев Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессорлары мен студенттері қатысады.