«Ауру кәріге де, жасқа да қарамайды» деген рас екен. Өткен жылдың желтоқсан айында 15 жастағы баламыз Асхаттың жүрегі ауырып облыстық кардиологиялық орталыққа түскен еді. Оған балалар арасында көп кездеспейтін, отасыз жазылмайтын өте күрделі диагноз қойғанда тіптен қиналып қалдық. Орталықтағы дәрігерлердің қандай ыждағаттылықпен баламыздың ауруын анықтап, жан-тәнін салып емдеп, республикалық кардиоорталықпен байланыс жасай отырып, тез арада елордаға жеткізудің шараларын қарастырды. Осы орайда, аталмыш кардиоорталықтың бас дәрігері Ақтілек Өмірбаевқа, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Эльмира Сүйеуғазиева, емдеуші дәрігері Гүлмайра Асетова, басқа да осы орталықтың барлық дәрігерлері мен медбикелеріне алғысымыз шексіз екенін білдіре кетсек дейміз. Дер кезінде санавиация шақыртып, баламызды Астанадағы жетік мамандардың қолына тапсыруға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Кабиболла Ирменов ерекше үлес қосты. Еліміздің медицина саласының шын мәнінде дамығанын, дәрігерлеріміз бен хирургтарымыздың шетелдік мамандардан бірде-бір кем емес екеніне осы жолы көзіміз әбден жетті. Білгір маман, Еңбек Ері Юрий Пя басқарып отырған Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық мақтануға тұрарлық екен. Барлық жағдай жасалған. Мамандары өте білгір және сондай қайырымды да қарапайым. Әсіресе, емдеуші дәрігері Людмила Мамежанова, аритмология бөлімінің меңгерушісі Аян Абдрахманов және Шалқар Смағұлов бірнеше шағын, бір күрделі ота жасады. Баламыз сауығып, қолымызға келді. А.МҰХАМЕДРАХИМОВА. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы.
Қоғам • 18 Ақпан, 2014
Ақ желеңді абзал жандар үмітімізді ақтады, алғысымыз шексіз
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 23:01
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Бокс • Бүгін, 22:40
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Бүгін, 22:08
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 21:28
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Бүгін, 20:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:20
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31