Тәуелсіздік • 26 Қазан, 2021

Тәуелсіздік тағылымы

686 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуел­сіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын да­йындап, шығарды. Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің қолдауымен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан кітап­тың электронды нұсқасы қалың оқырманға қолжетімді.

Тәуелсіздік тағылымы

«Тәуелсіздік туралы 100 әң­гіме» кітабы – 1991 жылдан бас­тап бүгінгі күн­ге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуел­сіздігінің жетістік­тері­мен тікелей немесе жанама байланысты біре­гей оқиғалар альма­на­ғы. Кітапта­ғы спикерлердің көп­шілігі тари­хи оқиғалардың куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әр­бір нақты кезеңінің бұрын белгі­сіз болған сәттерін еске алады. Сонымен қатар бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі еліміз­де болған экономикалық, қоғамдық-сая­си және мәдени процестерді талдай­тын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелер­де Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баевтың тұл­ғасы ерекше орын алады.

«Тәуелсіз мемлекет құру мен қа­­лып­тастырудың ауыртпалығын, қиын­дығының ауқымын сол кезеңді көзімен көріп, тікелей қатысқандар ғана нақты айта алады. Бүгінде көпшілігіміз үшін сын айтуға жеңіл көрінетін еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі – сөз жоқ, ең алдымен Тұңғыш Президент – Елбасы­мыз негізін қалаған мемлекеттік даму­да­ғы сындарлы саясаттың арқасы екені даусыз. Елбасы негізін қалаған ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен татулық, әлеуметтік-экономикалық реформалар, сырт­қы саясаттағы көпвекторлы ұста­ным сынды басым бағыт­тар біздің басты құндылықтарымыз бо­лып қала беретіні анық. Біз алға қа­рай да үлкен сеніммен осы қалып­та жүруіміз үшін – тарихымызды баға­лап, өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Осы ретте, «ҚазАқпарат» АҚ шығарған «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тәуелсіздік­тің алғашқы жылдарының естелік­те­рінен сыр шертеді. Кітапта Тұң­ғыш Президент, Елбасының сол кезеңдерде сенімінен шығып, қа­сынан табылған әріптестері ел да­муындағы маңызды сәттерді еске алып, өздерінің жеке есте­ліктерімен бөліседі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітап қалың оқырман қауым үшін қы­зықты болады деп сенемін», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кітап Қазақстанның көр­нек­ті сая­­­саткерлерімен, экономис­те­рімен, сон­­дай-ақ ғылым, мәде­ниет және спорт қай­­раткер­лері­мен эксклюзивті сұх­­баттар негі­зінде құрастырылған. Онда елі­­міздің бірінші Премьер-Ми­­нистрі Сергей Терещенко, Се­нат Спи­кері Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төр­ағасы Нұр­лан Нығ­ма­тулин, Тұңғыш Пре­зидент Кең­сесінің басшысы Мах­мұд Қа­сым­бек, белгілі мемлекет қай­рат­кері Қуаныш Сұлтанов және бас­қа да көп­теген саясаткерлер жоба ав­тор­ларына өзде­рінің же­ке әсер­лерімен бөліскен.

Кітап оқырмандардың кең ауқы­мына, бірінші кезекте, Қа­зақ­станның жаңа тарихына қы­зы­­ғушылық таны­татындарға ар­налған.
Кітаптың электронды нұсқа­сын https://100angime.kz/ сайтынан оқып танысуға, көшіріп алуға болады. Сондай-ақ аталған сайтта кітапқа әңгімелері енген тұлғалар туралы да мәліметтер берілген.