Экономика • 26 Қазан, 2021

Қай өңірлер жұмыспен қамту шараларын толығымен орындады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қай өңірлер жұмыспен қамту шараларын толығымен орындады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылдың 9 айында 377 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 70%-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ 65 мың адам оқудан өтті. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 29 мың адам микрокредиттер мен қайтарымсыз гранттарға ие болды. Оның 25 мыңнан астамы алғаш рет өз кәсіптерін ашты. Сонымен қатар қосымша 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрды», деп түсіндірді министр.

Министр мәліметінше, 5 500 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Жұмысқа қабілетті жастағы қоныс аударғандардың 78%-ы жұмыспен қамтылды. Бағдарламаға қатысушылардың 39%-ы жастар. 50%-ы әйел азаматтар және осы бағдарламаға қатысушылардың негізгі үлесін (53%) ауыл тұрғындары құрап отыр.

«Бүгінде Еңбек бағдарламасы 83%-ға орындалып отыр. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында барлық көрсеткіш толығымен орындалды. Қалған өңірдегі әкімдіктер осы бағыттағы жұмыстарын күшейтуі керек», деді Серік Шәпкенов Үкімет отырысында.

Соңғы жаңалықтар