Футбол • 26 Қазан, 2021

Минасян бас бапкер қызметінен кетті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде футболдан Армения ұлттық құрамасын және жергілікті «Пюник», «Арарат» футбол клубтарын жаттықтырған армениялық маман Вардан Минасян «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Минасян бас бапкер қызметінен кетті

«Мұндай шешімді қабылдау оңай соққан жоқ. Командамен жұмыс істеуге мүмкіндік берген азаматтарға алғысымды айтамын. Клубтың жанкүйерлеріне ризамын. Олар қай кезде де бізді қолдап келеді. Ең бастысы, футболшыларға құрметім бөлек. Барлық кездескен қиындықтарға қарамастан, олар кәсіби міндетіне ұқыпты қарады. Барлықтарыңызға сәттілік», деді команданың экс бапкері қоштасу сөзінде.

Вардан Минасян «Тараз» футбол клубын осы жылдың ақпан айынан бастап жаттықтырды. Қазақстан премьер-лигасы басталмас бұрын клуб басшылығы «Тараз» үздік алтылықтан көрінуге тырысатынын айтқан болатын. Алайда команда премьер-лиганың кезекті маусымы аяқталуға бір тур қалғанда турнир кестесінде оныншы орында тұр.