Әлем • 26 Қазан, 2021

Түркиялық фридайвер әлемдік рекордты жаңартты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиялық фридайвер Шахика Эржүмен Антальяның Каш ауданында теңізге 100 метр тереңге сүңгіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиялық фридайвер әлемдік рекордты жаңартты

Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлімдеді.

Түркиялық спортшының сүңгуін Шабан өңірінің басшысы Арда Языджы мен Каш муниципалитетінің басшысы Мутлу Улуташ бақылап тұрды. Спортшы 100 метр тереңге ескекаяқ пен түтікшесіз 2 минут 53 секунд түсіп шықты. Оның айтуынша, ол өз жеңісін Түркия Республикасы мен Қарулы күштерінің 98 жылдығына арнаған.

«Мен тереңге сүңги алғаным үшін қуанып тұрмын. Осы әлемдік рекорд арқылы жұртшылықтың назарын климаттық кризис, жаһандық жылыну және гендерлік теңдік сияқты мәселелерге  аударғым келді», деді Эржүмен.