Спорт • 26 Қазан, 2021

«Қайрат» Чемпиондар Лигасының алаңына шығады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қазанда Италияның Римини қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Чемпиондар Лигасының алаңына шығады

Аталған жарыстың фавориттері қатарынан алматылық «Қайрат» көрінді.

«А» кіші тобындағы қазақстандықтарға чехиялық «Пльзень», ресейлік «Тюмень» мен италиялық «Пезаро» командалары бәсекелес болмақ.

Осы төрттіктің үздік үш клубы Чемпиондар Лигасының келесі раундында одан әрі күресті жалғастырады.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Қайрат» ойындарының кестесі:

  • 27 қазан - «Қайрат» - «Пльзень»;
  • 28 қазан - «Тюмень» - «Қайрат»;
  • 30 қазан - «Пезаро» - «Қайрат».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024