Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің құзыреттерді бағалау кезеңінің басталғандығын жариялады, аталған кезең осы жылдың 25 қазанынан бастап 28 қарашаға дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезең ассессмент-орталық және құзыреттер бойынша сұхбат атты 2 блоктан тұрады.
Өткен кезеңнің қорытындысы бойынша 235 үміткер осы төртінші кезеңге өтті.
Ассессмент-орталық оффлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы үміткерлердің белгілі бір құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған.
Үміткерлер үшін ассессмент-орталық 25-30 қазан аралығында оффлайн форматта өтеді, содан кейін 1-15 қараша аралығында сарапшылар барлық материалдарды өңдеп, жеке есептер дайындайды.
Ассессмент-орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткерлердің стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сендіре білу сияқты құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған.
Құзыреттерді бағалаудың осы блогы топтық және жеке тапсырмалардан тұрады, процесс барысында үміткерлердің мінез-құлқын сертификаттарға ие сарапшы-бағалаушылар – асессорлар бақылайды.
Аталған тапсырмалардың әрқайсысында үміткерлерге қатаң шектеулі уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау негізінде өзекті өңірлік проблеманың шешімін ұсыну қажет болады.
Ассессмент-орталықтың барлық рәсімдерін Мемлекеттік басқару академиясының сертификаттарына ие сарапшы-бағалаушылар тобы жүргізеді.
Ассессмент-орталықтың қорытындысы бойынша келесі бағалау кезеңі – құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125-тен аспайтын үміткер жіберіледі.
Құзыреттер бойынша сұхбат 20-28 қараша аралығында кәсіби HR-менеджерлердің қатысуымен онлайн форматта жүргізілетін болады.
ПЖКР жобасы аясында сұхбат барысында үміткерлердің ішкі ынта-жігерінің деңгейі мен олардың құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттер туралы барынша объективті түсінік алуға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады.
Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңі – Сарапшылық комиссияда әңгімелесуге ең жақсы нәтиже көрсеткен 100-ге жуық үміткер жіберіледі.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 үміткер алынады.
Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар