Экономика • 27 Қазан, 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ 500 млн долларға еурооблигация орналастырды

77 рет көрсетілді

«Самұрық-Қазына» АҚ жылдық 2,00% купонмен 500 млн АҚШ дол­ларына тең еуро­об­лига­ция­ның бес жылдың дебют­ті шыға­рылымын сәтті орналас­тырды.

Облигация орналасты­рыл­ғаннан кейін Қор купон бойынша ең төменгі мөлшерлемеге, сондай-ақ АҚШ дол­ларымен есептегенде, ТМД ел­д­ері ара­сын­дағы эмитенттердің шы­ға­ры­лымы арасында тәуелсіз еурооб­лигацияларға шаққандағы ең тар спрэдке қол жеткізіп отыр. Шығары­лымның бағасы «Самұрық-Қазына» командасы 18-20 қазан аралығында ха­лықаралық инвесторлардың қа­тысуымен бейне-конференция фор­матында ұйымдастырған роуд-шоудан кейін қалыптасқан.

Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өтінімдер кітабы (book-building)  енді қалыптасып жатқан кезде облигацияларға деген жалпы сұраныс бастапқы ұсыныс­тардан үш есеге жуық артық болған. Соның нәтижесінде, мәміленің соңғы диапазоны 2,3% +/- 5 базистік тармаққа (WPIR) дейін төмендеп, мәміле 2,25% (reoffer yeild) деңгейіндегі табыспен аяқталған.

Өтінімдердің соңғы тізіміне әлемдегі ең озық инвесторлар енген, олардың арасында АҚШ, Еуропа, Ұлыбританияның ірі қорлары мен активтерді басқару ком­паниялары бар. Жалпы, «Са­мұрық-Қазынаның» осы шыға­ры­лымына 70 халықаралық инвестор қатысқанын  айта кету керек.

Облигациялар нарығын қолдап, дамыту мақсатында және ел ішінде еурооблигациялар бойынша табысты сақтап қалу үшін аллокация кезінде сауда-саттыққа қазақстандық KASE және AIX биржалары арқылы қатысқан Қазақстан инвесторларына басымдық берілгені хабарланып отыр. Бұл сатылым сондай-ақ LSE, яғни, Лондон қор биржасының тізіміне енеді деп болжанып отыр.

Айта кетейік, мәмілені  қазақстан­дық менеджер компаниялар First Heartland Securities АҚ мен «Фридом Финанс» АҚ-мен бірлесе отырып, бірлес­кен жетекші менеджерлер мен букраннерлер ретінде жұмыс істейтін Citi, MUFG, UBS және VTB Capital атты халықаралық банктер ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Мінсіз – кім?

Руханият • Кеше

Семейдегі серпіліс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар