Сот және құқық жүйесіндегі реформалардың баяу жүргізілуі оның әрдайым кейбір құрылымдық өзгерістермен шектелуінде. Олардың қоғам дамуынан қалып қоюы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен елдің экономикалық дамуына кері әсер етті. Ол мемлекеттің беделін түсірді. Сондықтан Президент Қ.Тоқаев құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі ретінде ашық және әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру мәселесін көтерді.

Әділетті мемлекет орнату халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғауды аңғартады. Қазақстандағы сот-құқықтық жүйесінің қазіргі даму деңгейін толыққанды түсіну үшін оны реформалау мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси модернизациялау үдерісі арасындағы байланысқа назар аудару қажет. Қазақстан судьяларының VIII съезінде Қ.Тоқаев сот билігін одан әрі дамытудың идеологиясын айқындады. Онда сот қызметінің заманауи үлгісі енгізіліп, артық сот үдерістерін қысқарту, заңның азаматтар мен бизнестің мүддесіне орай түсіндірілуін қамтамасыз ету көзделген. Ол үшін дұрыс және әділ шешім қабылдау керек. Бұл азаматтардың құқығын қорғауға негізделген үш буынды модельді енгізудің арқасында мүмкін болмақ. Азаматты қылмыстық жауапқа негізсіз тартуды жою мақсатында қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау күшейтілмек. Өйткені құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тануы және құрметтеуі керек. Бұл – демократиялық қоғамның басты қағидаттарының бірі. Президенттің адам құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударуы да түсінікті. Ол нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады және оның заманауи моделін қалыптастырады. Демек, заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, елдің тұрақты және табысты дамуы мүмкін емес. Сондықтан адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырылуда.
Құқық қорғау қызметін дәйекті модернизациялаудағы Президенттің стратегиялық бағыты адам құқығын қорғауды басты міндет ретінде айқындады. Әкімшілік әділет жүйесі сияқты институттың қалыптасуы әділетті мемлекет құруға әкелері анық. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қарапайым адамдарды қолында билігі бар мемлекеттік органдармен соттасқанда қорғауды көздейді. Енді шенеуніктерге қабылдаған шешімдерінің заңдылығын өздері негіздеп дәлелдеулеріне тура келеді. Прокурорлық қадағалаудың артуы негізсіз шешімдерді азайтып, тергеу нәтижелеріне құқықтық баға беру тетіктерін нығайтады. Жолдауда азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Бұл қылмыспен күресті қайта жаңғыртпақ. ІІО өзіне тән емес бірқатар функциядан арылып, учаскелік инспекторлардың мәртебесінің артуы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жағдай жасайды. Полицияның сервистік модельге біртіндеп көшуі жергілікті билік органдарының полициямен тығыз байланыс орнатуына тиісті алғышарттар қалыптастырады. Сонда тәртіп сақшылары халықпен ашық диалог орнатады. Қайта құрылған Әкімшілік полиция комитеті құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық бермек.
Алаяқтық, қаржы пирамидалары, балаларға қарсы жыныстық қылмыстар, есірткі заттарының таралуын бақылауға енгізу тетігі оңайлатылып, оны интернет арқылы заңсыз жарнамалау мен тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. Қ.Тоқаевтың осы мәселелерге қарсы кешенді іс-шаралар қабылдап, олардың жолын кесіп, тосқауыл қоюға бағытталған нақты тапсырмалары бойынша сот процесі тараптарын татуластыруға, шартты түрде босатуға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға және шартты-мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Әкімшілік бақылау мен электронды бақылау құралдарын қолдану күшейтілмек. Сыбайлас жемқорлықпен күресті тиімді жүргізу үшін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимыл бағдарламасы бекітіліп, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» жоюға ерекше көңіл аударылуда. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдар және терроризмді қаржыландыру жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленуде.
Мемлекет басшысы «Жоғарыда аталған шаралардың бәрі саяси жүйені және адам құқығын қорғау ісін жетілдіруге бағытталған стратегиялық бағдарымыздың құрамдас бөлігі» деуі бекер емес. Ендеше, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші – азаматтардың сенімі болмақ.
Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,
қоғам қайраткері,
саясаттанушы
Елордада табысы аз отбасыларға әлеуметтік карта беріледі
Елорда • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:56
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған жәрмеңке ашылды
Елорда • Бүгін, 15:43
БҚО мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Оқиға • Бүгін, 15:25
Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балық қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Мерей Базарбаев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес • Бүгін, 14:52
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:39
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Алматыда 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ұқсас жаңалықтар