Кәсіпқой бокс • 27 Қазан, 2021

Фредди Роуч: Усик Фьюриді жеңе алмайды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі бокс бапкері Фредди Роуч аса ауыр салмақтағы үздіктер Тайсон Фьюри мен Александр Усикке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фредди Роуч: Усик Фьюриді жеңе алмайды

Аса ауыр салмақтағы ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Тайсон Фьюри WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы болса,  WBA, WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы украиналық Александр Усикке тиесілі екені баршаға мәлім. Жұрт осы екі боксшы арасында жекпе-жек өтіп, абсолютті чемпион анықталғанын қалайды. Алайда, Александр Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуаға қарсы міндетті қарымта шайқасқа шығуы керек. Сол себепті де Усик пен Фьюри арасындағы кездесу әзірге мүмкін емес. Әйткенмен болашақта болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты Фредди Роуч өз ойын білдірді.

«Александр Усик сөзсіз мықты боксшы. Алайда оған өзінен 25 килограмм ауыр Тайсонмен қолғап түйістіру оңай соқпайды. Сондықтан Усик жеңеді дегенге сену қиын. Усик менің ойымды жоққа шығара ала ма, уақытында көреміз. Ал негізінен маған бұл екі боксшы да ұнайды», деді ол.