Оқиға • 27 Қазан, 2021

Өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған күдікті ұсталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ер адам өзі жұмыс істейтін мекемеге тиесілі 50 дана қысқа арналған күртеше мен 20 дана комбинезонды қолды етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған күдікті ұсталды

Бұл жөнінде Атырау қаласы полиция басқармасына арыз түскен. Тексеру кезінде ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған мекемеде қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. Мекемеге келтірілген залал құны – 2 380 000 теңге.

Қазіргі уақытта 1983 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.